2026 жылғы 14-16 сәуір аралығында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» және «Бастауыш сыныптарда білім беру» құзыреттіліктері бойынша «WorldSkills Aqmola–2026» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты өтуде.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің атынан келесі білім алушылар қатысуда:
- «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі – Жангужинова Анастасия, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының ДОВ-32 тобының білім алушысы, сарапшы – Перешивкина Анна Федоровна.
- «Бастауыш сыныптарда білім беру» құзыреттілігі – Беков Анзор, «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының ПМНО-32С тобының білім алушысы, сарапшы – Корнева Ольга Сергеевна.
Қатысушыларға сенімділік, жоғары нәтижелер және чемпионатта сәттілік тілейміз!


