14.12.2017ж. күні №2 оқу ғимаратында ӨҚ-21 а,б топтарының кураторы Ұ.О. Тойлыбаеваның ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік - тарихы» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Желтоқсан оқиғасынан бастау алған тәуелсіздіктің сара жолында жан аямай күрескен боздақтарға арналып жазылған өлең жолдарын ӨҚ-21 А тобының студенттері Жанай Ұлан, Еркетай Аққу, Ахтанов Ислам, Қаратай Дінмұхаммед, Шарипбаев Темирлан, Алибеков Ержан оқыды. Желтоқсан оқиғасының құрбандарының бірі әрі бірегейі Қ.Рұсқұлбековтің қиын өміріне налып жазған «Менің тағдырым» өлеңін ТЖ-11 с тобының білім алушысы Аширбек Данияр орындады. Тәуелсіздіктің қасиеті мен қастеріне арналып жазылған өлең шумақтарын оқыған Еркашов Данияр, Қазымбек Мағжан, Ахтанов Ислам, Нағмат Асылжан, Тлеулина Карима, Досымов Адиль. Тәуелсіздік шежіресі мен қоса Қазақстанның егемендік алаған жылдарында әлемдік аренада спорттан жеткен жетістіктерін сараптайтын бейнематериал көрсетілді. Сонымен қатар, көрермендер назарына қазақ күресінен спорт шеберіне үміткер Орынбай Әлихан мен Тұрсынбек Ақниет қазақша күрестің қыр-сырын көрсетіп берді. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!»-«Серпін» әлеуметтік жобасы аясында өткен «Аламан» республикалық байқауының жеңімпазы ТЖ-11 С тобы студенті Жарасхан Ераханов қазақтың қайта оралған биі «Қара жорғаны» биледі. ӨҚ-11 б тобы студенті Тұяқ Арман «Көңіл толқыны» күйін қазақтың қара домбырасында тамылжыта ойнады. Кеш соңы «Желтоқсан оқиғасына» талай рет қалам тергеген М.Шахановтың «Желтоқсан тағылымы» әнін орындаумен тәмамдалды.
Тойлыбаева Ұ.О.