АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 13 Сәуір 2026 04:43

Интеллектуалдық-танымдық іс-шара

            2026 жылғы 9 сәуірде Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде оқытушылар арасында жұмыс жоспарына сәйкес «Әлем айналасы» тақырыбында интеллектуалдық-танымдық іс-шара өтті. Сайыс география, информатика және орыс тілі пәндерін қамтып, 7 қызықты турдан тұрды.  

            Әр кезеңде қатысушыларға тек білімді ғана емес, сонымен қатар логикалық ойлау, эрудиция және командалық жұмысты талап ететін түрлі сұрақтар ұсынылды. Сайысқа оқытушылардан құралған 3 топ қатысып, олардың әрқайсысы жоғары дайындық деңгейі мен кәсібилігін көрсетті.

            Іс-шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейде, достық бәсекелестік пен ерекше қызығушылық атмосферасында өтіп, қатысушылар мен көрермендерге жарқын әсер қалдырды.