АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 13 Сәуір 2026 04:39

Интеллектуалдық викторина

            2026 жылғы 10 сәуірде АҚЖКК Педагогикалық пәндер кафедрасының оқытушылары Касымов Ж.К. және Булатова М.А. 1 курс білім алушылары арасында «Тілдер әлеміне саяхат» атты интеллектуалдық викторинаны ұйымдастырып, өткізді. Іс-шара танымал «Своя игра» теледидарлық ойыны форматында өтіп, оны ерекше қызықты әрі екпінді етті.

            Викторина барысында қатысушылар қазақ және ағылшын тілдерінің грамматикасы, тарихы мен мәдениеті бойынша жақсы білімдерін көрсетті. Білім алушылар жоғары қызығушылық, белсенділік және жеңіске деген ұмтылыс танытып, салауатты бәсекелестік атмосферасын қалыптастырды.

            Викторина қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.