АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 15 Желтоксан 2017 09:52

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік - баға жетпес байлығым» атты мәдени іс - шара

15.12.2017 жылы  Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік  күніне арналған «Тәуелсіздік -  баға жетпес байлығым» атты мәдени іс - шара өтті. 

 Іс - шара колледжіміздің  «Отан бірлігі» бастауыш партия ұйымының Вице Президенті В.В. Кривошеевтің   «Нұр Отан» партиясына жаңадан қабылданып отырған 19 жас мүшелеріне партия билетін салтанатты тапсыру рәсімінен басталды.  Бүгінгі таңда партия құрамында 60 мүше: олардың ішінде бірінші, жоғары санатты, еңбек жолын жаңа бастап жатқан жас оқытушылар  да бар.

«Тәуелсіздік -  баға жетпес байлығым» мерекелік  іс- шарасының мақсаты білім алушыларға Тәуелсіздіктің кімдердің қанымен, қандай ауыртпалықпен келгендігі жайлы айтып, ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір білім алушының бойына дарыту. От жүректі, өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу.

Елбасымыз Н. Ә.Назарбаев: «Ұлы тұлғаларды білмейінше, бірде –бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес» демекші, мерекелік концерт барысында  жерінің азаттыға үшін күрескен халықтың біртуар ерлерін, батырларымыз бен ұлт қайраткерлерін, ел бірлігін сақтаған үш бәйтерегіміз -  ұлы билерді еске алып, рухтарына тағзым ету мақсатында білім  алушылар мен оқытушылардың қатысуымен  тартымды көрініс қойылып,  тарих қойнауына  саяхат жасалды.  

Кешті ұйымдастырушылар  Шоңова Мағрипа Ғазезқызы, Ибраева Гүлмайра Ескендірқызы,  Усина Самал Серікқызының   жетекшілігімен  «Желтоқсан құрбандарына арнау», «Тәуелсіз Қазақстан» атты әдеби қойылым көрермендердің жүректерінен орын алды.   Хуандық Хұрманқажының    мәнерлеп жатқа оқуындағы Ш. Сариевтің «Тәуелсіздік бізге оңай келмеді»  өлеңі тыңдармандардың көңілдерін тебірентті. Мерекеде мазмұнды әндер орындалып, күй шертіліп, бимен ұласты.  Қазақстан халықтары билерінен попурри  сахналық ұлттық киімдерімен өте сәтті шықты.            

Барша қазақстандықтарды Ұлы мерекеміз - Тәуелсіздік  күнімен  құттықтай отырып,  еліміздің іргесі берік болып, тәуелсіз еліміздің көк аспанында бейбітшілік күні  жарқырай беруіне тілектеспіз.  

Шоңова М.Ғ., Ибраева Г.Е., Усина С.С.

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp