АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 11 Сәуір 2026 06:42

«Сұнқар» қалалық спартакиадасы

            2026 жылғы 8-10 сәуір аралығында Көкшетау қаласында «Сұнқар» қалалық спартакиадасы аясында техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы ерлер командалары арасында баскетболдан жарыстар өтті.

            Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің ерлер командасы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте 2-орынды иеленді.

            «Үздік қорғаушы» жеке номинациясы бойынша ФК-32А тобының білім алушысы Бүркіт Темірлан марапатталды. 

            Команданы дайындаған – Дене тәрбиесі және АӘТД кафедрасының оқытушысы Занина Анастасия Вячеславовна. Команда өкілі – Кокан Мерген Коканович.

            Білім алушыларымызды құттықтаймыз және алдағы уақытта да үлкен жетістіктер тілейміз!