2026 жылғы 8-10 сәуір аралығында Көкшетау қаласында «Сұнқар» қалалық спартакиадасы аясында техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы қыздар командалары арасында баскетболдан жарыстар өтті.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің қыздар командасы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте 1-орынды иеленді.
Сондай-ақ келесі білім алушылар жеке номинациялар бойынша марапатталды:
- «Үздік ойыншы» – Громак Мария (ФК-12Б);
- «Үздік қорғаушы» – Козырькова Ульяна (ФК-22А).
Команданы дайындаған – Дене тәрбиесі және АӘТД кафедрасының оқытушысы Занина Анастасия Вячеславовна. Команда өкілі – Кокан Мерген Коканович.
Білім алушыларымызды құттықтаймыз және алдағы уақытта да үлкен жетістіктер тілейміз!


