2026 жылғы 9-10 сәуір аралығында Степногорск қаласының Жоғары колледжінде «Кәсіпкерлік сын-қатер» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Aqmola-2026» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты өтуде. Жарысқа облыстың әртүрлі колледждерінен 10 команда қатысуда.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің намысын «Құқықтану» мамандығының ПВ-22 тобының білім алушылары – Климова Марина мен Мандрик Людмила лайықты қорғауда. Сарапшы ретінде Мадиева Гульнара Сериковна қатысуда.
Мұндай байқауларға қатысу – бұл өзін көрсетуге, құнды тәжірибе жинақтауға және басқа қатысушылармен тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік.
Қатысушыларымызға өз күштеріне сенімділік, жоғары нәтижелер және лайықты жеңіс тілейміз!
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 09 Сәуір 2026 11:28


