АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 07 Сәуір 2026 10:45

Практикалық воркшоп

2026 жылғы 7 сәуірде Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің ИФ-12 тобының білім алушылары кураторы Альжанова Д.Х. қатысуымен Көкшетау қаласы бойынша «Астана Хаб» дербес кластерлік қоры ұйымдастырған практикалық воркшопқа қатысты. Іс-шара Ғылым күніне орай өткізілді, онда ғылымда, білім беруде және кәсіби қызметте жасанды интеллектті қолдану мәселелері қарастырылды.

            Практикалық интенсив аясында қатысушылар жасанды интеллекттің жұмыс істеу қағидаларымен және оның білім беру мен ғылыми ортадағы рөлімен танысты, ғылыми жұмыстарды дайындау кезінде академиялық адалдықты сақтай отырып ЖИ дұрыс пайдалану мәселелерін қарастырды, сондай-ақ оқу және зерттеу тапсырмаларын жеделдетуге арналған құралдарды меңгерді.

            Воркшопқа қатысу білім алушыларға заманауи цифрлық құралдарды қолданудың практикалық тәжірибесін алуға және білім беру мен ғылыми қызметтегі жасанды интеллект мүмкіндіктері туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік берді.

            Ал сіз жасанды интеллект көмекшілерін көбінесе қандай мақсаттар үшін пайдаланасыз?