Тараз қаласында 21-39 жас аралығындағы ересектер арасында каратэ-до шотокан бойынша спорттық жарыстар, сондай-ақ «Taraz Open» балалар турнирі өтті. Іс-шараға Қазақстанның 15-тен астам облысынан спортшылар қатысып, қатысушылардың жалпы саны 200 адамнан асты.
21-39 жас аралығындағы ерлер арасында «командалық ката» санатында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің білім алушылары жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. Жеңімпаздар – Николенко Руслан (ФК-42А) және Лихач Владислав (ФК-32С) өз оқу орнын лайықты таныстырды.
Сонымен қатар, жекелей есепте де спортшылар жоғары нәтиже көрсетті: Николенко Руслан 75 кг-нан жоғары салмақ дәрежесінде бірінші орынды иеленсе, Лихач Владислав 65 кг-ға дейінгі санатта үшінші орын алып, қола жүлдегер атанды.
Сондай-ақ колледждің үш спортшысына халықаралық дәрежедегі спорт шебері (МСМК) құрметті атағы берілді: Лихач Владислав (ФК-32С), Николенко Руслан (ФК-42А) және Сутбаев Асанали (ПБ-42Б).
Спортшыларды жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа жеңістер тілейміз!


