2026 жылғы 3 сәуірде АҚЖКК Азаматтық қорғаныс кафедрасында «Ғылым арқылы мамандыққа» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция барысында өрт сөндіру-құтқару техникасы мен технологияларын дамыту перспективаларына, өрттердің алдын алу және оларды жою мәселелеріне, сондай-ақ адамдарды қауіпсіз эвакуациялау мен құтқаруға арналған баяндамалар ұсынылды. Қатысушылар Қазақстан Республикасы ТЖМ қызметінің инфокоммуникациялық қамтамасыз етілуін жетілдіру, төтенше жағдайлар кезінде басқару процестерін цифрландыру, сондай-ақ профилактикалық және бақылау-қадағалау қызметінің өзекті мәселелерін талқылады.
Конференция қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға олардың белсенді қатысуы мен ғылыми мәселелерді талқылауға қосқан үлесі үшін сертификаттар салтанатты түрде табысталды.


