2026 жылғы 31 наурызда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Әлеуметтік-экономикалық пәндер және Дене тәрбиесі, спорт және АӘТД кафедраларында «Ғылым әлемі – жастардың қолында» атты ғылыми-зерттеу конференциясы өтті.
Аталған іс-шара өз ғылыми жобаларын ұсынып, жоғары дайындық деңгейін көрсеткен дарынды білім алушыларды біріктірді.
Конференция қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен Звольская Арина (ПВ-32) Мадиева Г.С. жетекшілігімен марапатталды. ІІ дәрежелі дипломға Салихова Диана мен Улусбек Асел (ПВ-32) (ғылыми жетекшісі – Ильясова С.И.) ие болды. ІІІ дәрежелі дипломды Золотницкая Анита (ПМНО-12) Максютов Р.В. жетекшілігімен иеленді.
Қалған барлық қатысушылар белсенді қатысқаны және жоғары дайындық деңгейі үшін сертификаттармен марапатталды. Іс-шараның табысты өтуіне үлес қосқан барлық қатысушылар мен ғылыми жетекшілерге алғыс білдіреміз.
Сіздің ойыңызша, осындай конференцияларды өткізу өзекті ме?


