АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 31 Наурыз 2026 07:45

«Ұлттық студенттік лигасы»

            2026 жылғы 25-29 наурыз аралығында Щучинск қаласындағы «Жақсы-1» спорт базасында қыздар командалары арасында волейболдан Қазақстан Республикасының «Ұлттық студенттік лигасы» чемпионаты өтті.

            Облыс чемпиондары – Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің командасы «Б» тобында өнер көрсетіп, Түркістан, Жетісу және Атырау облыстарының мықты қарсыластарымен кездесті. Сенімді әрі үйлесімді ойын көрсеткен біздің спортшы қыздарымыз топта 1-орын алып, 1/4 финал кезеңіне жолдама алды.

            Ширек финалда колледж командасы Алматы облысының өкілдерімен кездесіп, тартысты ойында 2:1 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті.

            Жартылай финалда жеребе бойынша біздің волейболшы қыздарымыз Қарағанды облысының командасымен ойнап, 2:0 есебімен сенімді жеңіске жетіп, чемпионаттың финалына шықты.

            Шешуші кездесуде команда Ақтөбе облысының қарсыластарымен кездесті. Тартысты ойында біздің спортшы қыздарымыз қарсыласқа есе жіберіп, Қазақстан Республикасының чемпионатында құрметті 2-орынды иеленді.

            Бұл нәтиже спортшы қыздардың жоғары дайындық деңгейін, олардың командалық рухын және жаттықтырушылар құрамының кәсібилігін айқын дәлелдейді.

            Командамызды құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа жеңістер тілейміз!