2026 жылғы 26-27 наурыз аралығында Көкшетау қаласында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту орталығы» КММ ұйымдастырған жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің білім алушылары жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, өз оқу орнын лайықты деңгейде таныстырды.
Жүлделі орындарға ие болғандар:
- Букарь Александр ИФ-12 тобы, «Информатика» мамандығының білім алушысы – математика пәні бойынша 1 орын, жетекшісі Нурбикенова Гульназ Жанабаевна;
- Сагадатов Алишер ПБ-12А тобы, «Өрт қауіпсіздігі» мамандығының білім алушысы – Қазақстан тарихы пәні бойынша 3 орын, жетекшісі Максютов Руслан Владимирович;
- Матмуратова Ақнұр ҚТ-11 тобы, «Құқықтану» мамандығының білім алушысы – орыс тілі пәні бойынша 3 орын, жетекшісі Дюсенбина Бибижамал Каиргельдиновна.
Білім алушылар мен олардың жетекшілерін жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!


