АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 24 Наурыз 2026 05:23

«Жігіт сұлтаны»

            Наурыз мейрамын мерекелеу аясында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің Азаматтық қорғаныс кафедрасында «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті. Байқауға кафедраның ең дарынды әрі үйірімпаз білім алушылары қатысты.

            Қатысушылар өз өнерлерін, күш-жігерін, тапқырлығын және шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, өз топтарын лайықты деңгейде таныстырды.

            Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

  • Гран-при – ТЖ-21Б тобының білім алушысы Орынбаев Бекзат;
  • I орын – ТЖ-31А тобының білім алушысы Алпыс Мадиар;
  • II орын – ӨҚ-31Б тобының білім алушысы Мейрбек Әділет;
  • III орын – ТЖ-31Б тобының білім алушысы Таукелов Амир.

            Іс-шара мерекелік көңіл-күйде, ұлттық дәстүрлер мен бірлік рухында өтіп, барлық қатысушылар мен көрермендерге жарқын әсер сыйлады.

            Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы уақытта да табыс тілейміз!