АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 23 Наурыз 2026 05:16

Мерекелік іс-шара

            2026 жылғы 20 наурызда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Адал азамат. Адал еңбек» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында Наурыз мейрамына арналған ауқымды мерекелік іс-шара өтті. Мереке оқытушыларды, қызметкерлерді және білім алушыларды біріктіріп, ұлттық дәстүрлерге деген құрмет пен ұжым бірлігінің жарқын көрінісіне айналды.

            Іс-шараның негізгі бөлігі білім алушылардың қатысуымен өткен мерекелік концерт болды. Онда қазақ халқының бай мәдениетін насихаттайтын музыкалық, вокалдық және би нөмірлері ұсынылды. Сонымен қатар, колледждің дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.

            Мерекелік бағдарлама ұлттық дәстүрлерге, тағамдарға және ойындарға толы болды. Қатысушылар ұлттық салт-дәстүрлерге куә болып, наурыз көжеден дәм татып, «бауырсақ-party» сияқты заманауи форматтағы шараларға қатысты. Сондай-ақ оқытушылар ұлттық ойындарға белсене қатысып, мерекеге ерекше көрік берді.

            Іс-шара достық пен бірлік атмосферасында өтіп, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, бір үлкен отбасы екенін сезінуге мүмкіндік берді.