АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 20 Наурыз 2026 05:06

Сәндік-қолданбалы өнер көрме-жәрмеңкесі

            Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Наурыз мейрамын мерекелеу және «Адал азамат. Адал еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Ұлттық өнер» атты сәндік-қолданбалы өнер көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

            Іс-шараның басты мақсаты – білім алушыларды ұлттық құндылықтарға баулу, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қазақ халқының еңбекке, мәдени мұрасына деген құрметін қалыптастыру болды.

            «Барлығы өз қолымен» жәрмеңкесі барысында білім алушылар қолөнер бұйымдарын ұсынды. Қатысушылар ұлттық нақыштағы әшекейлерді, кәдесыйларды және тұрмыстық бұйымдарды ерекше шеберлікпен орындап, өз еңбектерін көпшілікке таныстырды. Іс-шараны ұйымдастыру мен өткізуде кураторлар мен оқу топтарының студенттері белсенділік танытып, ұжымдық бірлік пен командалық жұмыстың нығаюына ықпал етті.