2026 жылғы 17-20 наурыз аралығында Зеренді ауылында «Кезең» облыстық спартакиадасы аясында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары арасында баскетболдан облыстық жарыстар өтті.
Аталған спорттық сайыста Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің қыздар командасы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте 1 орынды иеленді.
Жекелей номинациялар бойынша:
- «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша Зотова Елизавета (ЧС-42А) марапатталды;
- «Снайпер» номинациясында 1 орынды Громак Мария (ФК-12Б) иеленді.
Команданы дайындаған – Дене тәрбиесі және АӘТД кафедрасының оқытушысы Занина Анастасия Вячеславовна.
Команда өкілі – Кокан Мерген Коканович.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы уақытта да табыстар тілейміз!


