2026 жылғы 20 наурызда Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет үйінде Наурыз мейрамына орай «Бес асық» ұлттық ойыны бойынша турнир ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – ұлттық дәстүрлерді насихаттау және жастардың қазақ халқының мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыру болды.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің ЧС-31А тобының білім алушысы Быхылова Венера жоғары дайындық деңгейін, шеберлігін және жеңіске деген ұмтылысын көрсетіп, нәтижесінде жүлделі 1 орынды иеленді.
Жеңімпазды құттықтаймыз және алдағы уақытта да үлкен жетістіктер тілейміз!


