Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің Азаматтық қорғаныс кафедрасының білім алушылары ұлттық мәдениет, дәстүрлер мен қазақ халқының рухани мұрасын насихаттауға бағытталған «Қара жорға» биін орындау акциясына белсене қатысып, «Қара жорға» ұлттық биін әсерлі түрде билеп көрсетті.
«Қара жорға» биі – тек қимыл ғана емес, ол бірлік пен қуаттың, ұрпақтар сабақтастығының айқын көрінісі. Би ырғағы, қимыл пластикасы мен көңіл күйі арқылы қатысушылар ұлттық дәстүрлердің тереңдігін және мәдени мұраға деген құрметті жеткізе білді.
Наурыз – жаңару, ізгілік пен бірлік мерекесі. Осындай бастамалар бұл мерекенің мән-маңызын арттырып, оны шынайы әрі мазмұнды етеді.


