АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 19 Наурыз 2026 10:52

«Наурыз – салт-дәстүрдің алтын қазығы!»

            2026 жылғы 18 наурыз күні Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің Педагогикалық пәндер кафедрасы «Адал азамат. Адал еңбек» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Наурыз – салт-дәстүрдің алтын қазығы!» атты мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

            Іс-шара басында домбырашылар өнер көрсетіп, күмбірлеген күй арқылы қазақ халқының рухани байлығын паш етті. Күйлердің әуезі көрермендердің көңілін тербеп, ерекше әсер сыйлады.

            Сонымен қатар, іс-шарада әр топ өз өнерлерін ортаға салып, қазақтың түрлі салт-дәстүрлерін сахналық көрініс арқылы көрсетті. Атап айтқанда, қыз ұзату, беташар, келін шәй, азан шақырып ат қою, бесікке салу, тұсаукесер сияқты дәстүрлер көрермен назарына ұсынылып, олардың тәрбиелік мәні кеңінен ашылды.

            Бұл мерекелік іс-шара білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және бірлік пен достықты нығайтуға зор үлес қосты.