АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 17 Наурыз 2026 09:48

Ұлттық ойындар

            2026 жылғы 17 наурызда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің Дене тәрбиесі, спорт және АӘТД кафедрасы Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары аясында ұлттық ойындар - Тоғызқұмалақ пен Асық ату бойынша көрсетілімдік оқыту ұйымдастырып, өткізді.

            Іс-шараның мақсаты - ұлттық дәстүрлерді насихаттау, қазақ халқының мәдени мұрасына деген қызығушылықты арттыру, сондай-ақ білім алушылардың бойында ұлттық құндылықтарға құрметпен қарау қасиетін қалыптастыру болды.

            Іс-шара барысында кафедра оқытушылары ойындардың ережелері мен ерекшеліктерін таныстырып, ал студенттер белсенді түрде қатысып, қызығушылық, ептілік және ұлттық спорт түрлерін меңгеруге деген ынта танытты.

            Осындай іс-шараларды өткізу жастар арасында патриоттық рухты нығайтуға, дене белсенділігін дамытуға және мәдени мұраны сақтауға ықпал етеді.