АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 14 Наурыз 2026 09:36

Дөңгелек үстел

            2026 жылғы 13 наурызда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Көкшетау қалалық кітапханасы ұйымдастырған «Әділдік-ізгіліктің іргетасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға «Құқықтану» мамандығының 2-курс білім алушылары мен осы мамандықтың оқытушылары қатысты.

            Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың заңгерлік мамандықтағы әділеттілік пен этикалық қағидалардың рөлі туралы түсінігін тереңдету, сондай-ақ құқықтық контексте адамгершілік пен ізгіліктің маңызы жөніндегі білімін арттыру.

            Дөңгелек үстелде қазіргі қоғамдағы әділеттілік пен ізгілікке қатысты маңызды мәселелер қарастырылды. Қатысушылар сот төрелігінің қағидаттарын, моральдық құндылықтарды және әділеттілікті қамтамасыз етудегі заңның рөлін талқылады. Оқытушылар мен білім алушылар әділеттілік идеяларын заңгерлік тәжірибеде және жалпы қоғам өмірінде қалай жүзеге асыруға болатыны жөнінде өз пікірлерімен бөлісті.