2026 жылғы 13 наурызда АҚЖКК Педагогикалық пәндер кафедрасының оқытушысы Смирнова Н.С. ПБ-12А тобында «ДНҚ-ның спонтанды мутациялары» тақырыбында биология пәнінен ашық сабақ өткізді.
Сабақтың негізгі мақсаты – білім алушыларды ДНҚ-дағы мутациялардың пайда болу молекулалық механизмдерімен таныстыру. Сабақ интерактивті форматта өтті: білім алушылар шағын зерттеулер жүргізіп, проблемалық сұрақтарға жауап берді және биологиялық үдерістер мен нақты өмірлік жағдайлар арасындағы ұқсастықтарды анықтады. Ерекше қызығушылық жасушада жүретін күрделі үдерістерді және олардың қоршаған ортамен байланысын көрнекі түрде көрсеткен жасанды интеллект технологияларын қолдану барысында байқалды.
Практикалық бөлім жұмыс парағындағы сараланған тапсырмаларды орындауды қамтыды – базалық сұрақтардан бастап, ұқсастықтарды анықтауды талап ететін шығармашылық тапсырмаларға дейін. Студенттер жұппен және топпен белсенді жұмыс жасап, жауаптарды талқылады, өз пікірлерін дәлелдеді және теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білетіндігін көрсетті.
Мұндай сабақ форматы материалды тереңірек меңгеруге ғана емес, сонымен қатар сыни ойлауды, командалық жұмыс дағдыларын және биологияны оқуға шығармашылық көзқарасты дамытуға мүмкіндік берді.


