АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 13 Наурыз 2026 04:16

«Көктемгі жаңару. Жан жылуы» атты іс-шара

            2026 жылғы 12 наурызда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің Педагогикалық пәндер кафедрасында оқытушылар Дюсенбина Б.К. және Дашковская Е.В. ұйымдастыруымен «Көктемгі жаңару. Жан жылуы» атты іс-шара өтті.

            Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогикалық ұжымды біріктіру, күйзелісті азайту және көктемгі көңіл күй қалыптастыру болды. Бағдарлама аясында қатысушылар «Музыкалық тамшылар» ойынына қатысып, «Гүлді комплимент» атты шеберлік сағатына, «Метафоралық бақ» арт-терапиясына, «Естеліктер хош иісі» релаксациялық жаттығуына қатысып, соңында «Жаздағы өзіме хат» атты рефлексиямен аяқтады.

            Іс-шара жылы әрі шабыттандыратын атмосферада өтіп, қатысушыларға жағымды эмоциялар мен көктемгі көңіл күй сыйлады. Ұйымдастырушылар іс-шараға қатысқан оқытушыларға алғыс білдіріп, әріптестеріне көктемгі жылулық пен көтеріңкі көңіл күй тіледі.