2017 жылдың 12 желтоқсанында АҚКК директордың ғылыми-әдістемелік ісі бойынша орынбасары Аскарова А.К және биология пәнінің оқытушысы Тойлыбаева У.О оқытушылармен «Оқытудың белсенді әдістері» атты коучинг ұйымдастырып, өткізді.
Коучингтің мақсаты: сабақты ұйымдастырудың белсенді формалары туралы жалпы түсінік қалыптастыру, мұғалімдердің өз сабақтарында түрлі белсенді оқыту әдістерін қолдана отырып, білім алушылардың қызығушылықтарын арттыруға қолдау көрсетіп, әдістемелік көмек беру болды.
Коучинг барысында бейнеролик көрсетіліп, презентацияны пайдалана отырып оқытушыларға теориялық материалдар берілді. Сонымен қатар тапсырмалар арқылы белсенді оқыту әдістері қолданылды. Мысалы: Венн диаграммасы, SWOT талдау, ПТМС формуласы, РАФТ әдісі, рөлдік ойын, Синквейн, Бинго және т.б.
Коучинг жақсы деңгейде өтті. Оқытушылар коучингке белсенді қатысып, өз қоржындарына біраз материалдарды салып әкетті.