АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 12 Наурыз 2026 04:11

«Педагогикалық дебют» атты облыстық байқау

            2026 жылғы 11 наурызда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің қабырғасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогикалық мамандықтарының білім алушылары арасында «Педагогикалық дебют» атты облыстық байқау өтті.

            Байқаудың негізгі мақсаты – дарынды білім алушыларды анықтау және қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, сондай-ақ болашақ оқытушылардың кәсіби қалыптасуына және инновациялық белсенділігін дамытуға жағдай жасау. Барлық қатысушылар өздерінің кәсіби дағдыларын, оқытудағы креативті тәсілдерін және педагогикалық дайындықтарының жоғары деңгейін көрсетті.

            Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

  • 1 орын – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жанындағы көпсалалы колледжінің білім алушысы Валеева Меруерт;
  • 2 орын – Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының білім алушысы Кеңес Қымбат;
  • 3 орын – Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің білім алушысы Байкенова Әнел және Жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінің білім алушысы Жаров Роман.

            Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға алдағы уақытта да табыс тілейміз!