АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 11 Наурыз 2026 09:51

«Сұңқар»

            Көкшетау қаласында «Сұңқар» қалалық спартакиадасы аясында техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы әйелдер командалары арасында волейболдан жарыстар өтті. Аталған спорттық іс-шараға Көкшетау қаласының колледждерінен 8 команда қатысты.

            Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің командасы 1-орынға ие болып, қала чемпионы атанды.  

            Сондай-ақ келесі білім алушылар жеке номинациялар бойынша марапатталды:

  • «Үздік шабуылшы» – Болат Жансая (ДТ-41);
  • «Турнирдің үздік ойыншысы» – Тайлақпай Алтынай (ПМНО-22А).

            Команданы жарысқа дайындаған – Дене тәрбиесі және АӘТД кафедрасының оқытушысы Айдархан Қуаныш Сабырханұлы.

            Білім алушыларымызды құттықтаймыз және алдағы уақытта да үлкен жетістіктер тілейміз!