АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 10 Наурыз 2026 09:48

«Адал азамат. Адал еңбек»

            2026 жылғы 10 наурызда АҚЖКК Азаматтық қорғаныс кафедрасында «Адал азамат. Адал еңбек» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында тәрбиелік маңызы зор іс-шара өткізілді.

            Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, сондай-ақ жас ұрпаққа ел тарихы мен ерлік дәстүрлерін насихаттау болды.

            Аталған іс-шараға құрметті қонақтар ретінде Ауған соғысының ардагерлері Мукушева Гульнар Дауренбековна және Габдуллин Мырзағали Молдашевич шақырылды. Қонақтар білім алушылармен кездесу барысында өз өмір жолдары, еңбек тәжірибелері және қоғамға қызмет етудің маңызы туралы әсерлі әңгімелер айтты. Сонымен қатар, олар жастарға білім алып, елдің дамуына үлес қосуға шақырып, өздерінің ақыл-кеңестерімен бөлісті.

            Кездесу барысында білім алушылар қонақтарға сұрақтар қойып, еркін пікір алмасты. Қонақтар өз жауаптарында жас ұрпаққа адалдық, жауапкершілік және отансүйгіштік қасиеттердің маңызын ерекше атап өтті.