2026 жылғы 5 наурызда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде педагогикалық мамандықтардың білім алушылары арасында «Оқушылары асыға күткен педагог» атты кәсіби шеберлік байқауының екінші кезеңі өтіп, оның қорытындысы шығарылды. Іс-шараны Педагогикалық пәндер кафедрасы жанындағы Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырды.
Қазылар алқасының бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
- Гран-при – Кеңес Қымбат (БМ-41);
- 1 орын – Долгополова Инна (ПМНО-32Б);
- 2 орын – Боташ Райымбек (ДТ-41);
- 3 орын – Чигдам Ахмет (ФК-32Б).
Сонымен қатар келесі білім алушылар арнайы номинациялармен марапатталды:
- «Шабыт беретін мұғалім» – Палашина Валерия (РЛ-42);
- «Ең креативті болашақ педагог» – Серікқалиқызы Айдаргүл (БМ-41).
Байқауға қатысқан барлық білім алушыларға және байқау ұйымдастырушыларына атқарған еңбектері және жоғары кәсібилігі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!


