2026 жылғы 4 наурызда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде педагогикалық мамандықтардың білім алушылары арасында «Оқушылары асыға күткен педагог» атты кәсіби шеберлік байқауының бірінші кезеңі өтті. Іс-шараны Педагогикалық пәндер кафедрасы жанындағы Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырды.
Бұл байқауды жыл сайын өткізу білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға, олардың кәсіби қалыптасуына жағдай жасауға және болашақ оқытушылардың инновациялық қызметін ынталандыруға бағытталған.
Байқаудың бірінші кезеңіндегі сынақ – сабақтың шағын фрагментін өткізу. Әр қатысушыға өзінің педагогикалық шеберлігін көрсету үшін 15 минут уақыт беріледі.
Әр қатысушыға сәттілік пен өз күшіне сенімділік тілейміз!


