АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 03 Наурыз 2026 04:06

Іс-шара

            2026 жылғы 2 наурызда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Адал азамат. Адал еңбек» республикалық тәрбие бағдарламасын іске асыру және «Заң және тәртіп» айлығы аясында Ақмола облысы ПД ЕҚБ қызметкері, полиция подполковнигі Курсанова Р.Т. қатысқан іс-шара өтті.

            Іс-шара барысында «Нашақорлықтың алдын алу: жауапкершілік және салдары» тақырыбында профилактикалық әңгіме жүргізілді. Құқық қорғау органдарының өкілі білім алушыларға есірткі құралдарын заңсыз айналымға енгізу, сақтау және тарату үшін көзделген әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік мәселелерін, сондай-ақ оларды қолданудың денсаулыққа, оқу процесіне және болашақ кәсіби қызметке тигізетін зардаптарын түсіндірді. Жастарды құқыққа қайшы әрекеттерге тартудың алдын алу, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы тыйым салынған заттарды таратуға қатысқаны үшін жауапкершілік, сондай-ақ есепке қоюдың құқықтық салдарына ерекше назар аударылды.

            Кездесу ашық диалог форматында өтті, жиналған білім алушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, құзыретті жауаптар алды. Осындай іс-шараларды өткізу білім алушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.