АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 27 Ақпан 2026 04:00

«Құтқару жұмыстары» құзыреттілігі бойынша колледжішілік іріктеу турнирі

  • 2026 жылғы 26 ақпанда АҚЖКК Азаматтық қорғаныс кафедрасында «Төтенше жағдайларда қорғау» және «Өрт қауіпсіздігі» мамандықтарының білім алушылары арасында «Құтқару жұмыстары» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills-2026» аймақтық чемпионатының колледжішілік іріктеу турнирі өтті.
  • Аталған чемпионатқа қатысу білім алушылардың кәсіби өсуіне, жаңа белестерді бағындыруына және үздіксіз дамуға деген ұмтылысын күшейтуге ықпал етеді.✨️Турнир қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
    • Гран-при – ЧС-22А тобы;
    • І орын – ӨҚ-31А тобы;
    • ІІ орын – ЧС-32А тобы;
    • ІІІ орын – ПБ-12С тобы.
  • Сондай-ақ модульдер бойынша үздік нәтижелер анықталды:
    • «Жауынгерлік киім кию» модулі бойынша үздік нәтиже – ӨҚ-31А тобының білім алушысы Рахымбек Темірхан;
    • «Зардап шегушіге кигізу арқылы қос құтқару ілмегін байлау» модулі бойынша үздік нәтиже – ЧС-22А тобының білім алушысы Клюшник Вероника;
    • «Күштер мен құралдарды өрістету» модулі бойынша үздік нәтиже – ӨҚ-31А тобы;
    • «Теориялық дайындық» модулі бойынша үздік нәтиже – ПБ-12С тобының білім алушысы Исмагамбетова Анелия.
  • Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!