2026 жылғы 24-27 ақпан аралығында Щучинск қаласында «Кезең» облыстық спартакиадасы аясында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары арасында баскетболдан облыстық жарыстар өтті.
Аталған спорттық додада Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің ұлдар құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте 2 орынды иеленді.
Жеке номинациялар бойынша:
• «Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша ЧС-22С тобының білім алушысы Болатхан Дархан марапатталды;
• «Снайпер» номинациясы бойынша 1 орынды ФК-32А тобының білім алушысы Степанов Сергей иеленді.
Команданы жарысқа дайындаған – Дене тәрбиесі және АӘТД кафедрасының оқытушысы Занина Анастасия Вячеславовна.
Команда өкілі – Кокан Мерген Коканович.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 28 Ақпан 2026 07:37


