АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 27 Ақпан 2026 07:33

«Алғыс айту күні» тақырыбында бірыңғай кураторлық сағат

2026 жылғы 27 ақпанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Алғыс айту күні» тақырыбында бірыңғай кураторлық сағат өтті.
Іс-шара білім алушылар арасында азаматтық пен патриотизм сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ Қазақстанның мәдениеті мен тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеуге арналды. Кураторлық сағат барысында қатысушылар алғыстың маңыздылығын, өзара көмек көрсетуді, аға буынға құрмет білдіруді, сондай-ақ елдің ұлттық дәстүрлері мен құндылықтарын қастерлеу мәселелерін талқылады.
Жастардың бойында Қазақстанның тарихына, салт-дәстүрлеріне және мәдени мұрасына құрмет сияқты этикалық және адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Кураторлар мен білім алушылар пікірталастарға белсенді қатысып, алғыс білдірудің жеке мысалдарымен бөлісті және бұл мерекенің адамдар арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтудағы маңызын атап өтті.