2026 жылғы 26 ақпанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасында «Кәсіпкерлік сын-қатер» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills-2026» аймақтық чемпионатының колледжішілік іріктеу байқауы өтті. Сайысқа өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсеткен жеті команда қатысты.
Чемпионат қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
- 1 орын – Нурманбекова Дильназ (ПВ-22) және Мажитова Фатима (ПВ-22);
- 2 орын – Ералдинов Багдат (ТЖ-31С) және Кубеген Ерқанат (ТЖ-31С);
- 3 орын – Климова Марина (ПВ-22) және Мандрик Людмила (ПВ-22).
Қалған қатысушылар белсенді қатысқаны және жоғары дайындық деңгейін көрсеткені үшін сертификаттармен марапатталды.
Байқауға қатысқан барлық білім алушыларға белсенділіктері, кәсіби өсуге деген ұмтылыстары және шығармашылық танытқандары үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы уақытта да табыс тілейміз!


