10 желтоқсан күні ДОВ 12 және ЧС 12А топтары кураторларымен Смирнова Н.С. және Нурбикенова Г.Ж. Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайында болды.
Білімалушылар мұражай тарихымен танысып, ғимарат 1904 жылы салынғанын және тарих пен сәулет ескерткіші екенін білді.
Сонымен қатар, балалар аймақтың ежелгі және қазіргі заманғы тарихын, Ақмола облысының аумағында тұратын халықтардың этнографиясы мен тұрмысын, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерімен, жаратылыстану ғылымдары жинақтарымен және фотодокументалды материалдармен танысты.