АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 28 Ақпан 2026 04:34

Интеллектуалды ойын

2026 жылғы 27 ақпанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде білім алушылар арасында «Жылы сөздер шеңбері» интеллектуалды ойыны өтті.
Бұл іс-шара білім алушыларға өз ой-пікірлерін еркін білдіруге, әріптестерін тыңдауға және бір-біріне қолдау көрсетуге мүмкіндік берді. Ойын барысында әртүрлі тапсырмалар, ситуацияларды талдау сессиялары және топтық жаттығулар жүргізілді, олар білім алушыларға эмпатияны дамытуға, қиын жағдайларды ушығармай шешуге және достық пен сенім атмосферасын қалыптастыруға көмектесті. Сонымен қатар, ойын білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын жетілдіруге, өзара сыйластық пен түсіністікті арттыруға ықпал етті.