АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 26 Ақпан 2026 05:16

Пікірталас алаңы

2026 жылғы 26 ақпанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Жаңа преамбула жобасы: ұлттық құндылықтар, тарихи контекст және заманауи сын-қатерлер» тақырыбында пікірталас алаңы өтті. Кездесуді Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы ұйымдастырды.
Іс-шара барысында оқытушылар преамбуланың мемлекеттің негізгі заңының идеологиялық және құндылықтық іргетасы ретіндегі маңызын, оның азаматтық бірегейлікті қалыптастырудағы және ұлттық бірлікті нығайтудағы рөлін талқылады. Қатысушылардың назарында ұлттық құндылықтарды, елдің тарихи жолын және қазіргі заманның өзекті сын-қатерлерін бейнелеу мәселелері болды.
Конструктивті диалог барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы негізгі ережелері мен жаңа преамбула жобасында ұсынылған өзгерістерге талдау жасалды. Оқытушылар мұндай талқылаулар құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, сыни ойлауды дамытуға және педагогикалық құрамның кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.