АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 25 Ақпан 2026 05:08

Поэзия сағаты

            2026 жылдың 25 ақпанында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің бірінші курс білім алушыларының қатысуымен «Жыр – жүрек үні» атты поэзия сағаты өткізілді.

            Іс шараның мақсаты – көркемсөзге құрмет қалыптастыру, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту және жастардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру болды.

            Кеш барысында Жамбыл Жабаев, Сәкен Сейфуллин, Мұқағали Мақатаев және өзге де ақындардың адамгершілікті, бірлікті және достықты насихаттайтын жыр жолдарынан өлеңдер оқылды.