08.12.2017 ж. күні Астана қаласында «Мәңгілік ел жасары – индустрияға!» - «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында өткен «Аламан» республикалық фестивалі болып өтті. Фестивалге «Төтенше жағдайда қорғау» мамандығы бойынша білім алып жатқан ТЖ-11С тобының студенттері Пернебек Байдалы және Жарасхан Ераханов жетекшілері Ұ.О.Тойлыбаевамен қатысып келді. «Мамандығым - мақтанышым» атты номинацияда Пернебек Байдалы, «Өнерлінің өрісі кең» атты номинация бойынша Жарасхан Ераханов жеңімпазы атанды. Фестивальге арнайы қатысқан қонақтар студент жастарға сәттілік жолдап, мерекемен құттықтады. Жеңімпаздарды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы президенті Ж.Мелдешов марапаттады. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы, «Ұлттық жобалар басқармасының» бастығы К.Қ.Тобатаева қатысушыларды құттықтап оқу орны басшылары мен жетекшілеріне алғыс айтты.
Тойлыбаева Ұ.О.