2026 жылғы 17 ақпанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде экономикалық пәндер оқытушысы Кайникенова А.Б. жетекшілігімен ПБ-32С тобында «Кәсіпкерлік ұйымдарды кадрлық қамтамасыз ету» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты – кәсіпкерлік қызметті кадрлық қамтамасыз етудің мәнін қарастыру, еңбек ресурстарын қалыптастыру және жоспарлау, сондай-ақ кәсіпорын персоналын бағалау әдістемесін анықтау.
Білім алушылар белсенді қатысып, қызықты практикалық тапсырмаларды орындады. Өз пікірлерімен бөлісіп, өзекті мәселелерді талқылады. Сабақ қызықты әрі танымдық деңгейде өтті!
Автор: Кайникенова А.Б.


