АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 23 Ақпан 2026 12:05

«Сұнқар»

            2026 жылғы 19-20 ақпан аралығында Ақмола облысында қалалық «Сұнқар» спартакиадасы аясында техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары арасында «Қазақ күресі» бойынша жарыстар өтті.

            Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің командасы жоғары дайындық пен сенімді ойын көрсетіп, жалпыкомандалық есепте алты команданың ішінде 1 орынды иеленді.

            Жеке есеп бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

            І орын:

  • Тоқсанбаев Мирас (ПБ-42А) – 82 кг салмақ дәрежесінде;
  • Рахым Батырхан (ТЖ-31А) – 74 кг салмақ дәрежесінде;
  • Абузар Мағжан (ТЖ-41А) – 100+ кг салмақ дәрежесінде;

            ІІ орын:

  • Қайрат Ернұр (ТЖ-11С Б) – 55 кг салмақ дәрежесінде;
  • Тулебаев Амир (ФК-22Б) – 66 кг салмақ дәрежесінде;

            ІІІ орын:

  • Жарылғас Мирасбек (ЕҚ-11) – 90 кг салмақ дәрежесінде;
  • Муханбетжанов Жарқын (ДТ-41) – 100 кг салмақ дәрежесінде;

            Команданың жаттықтырушысы – колледж оқытушысы Базарбаева Акку Рашидовна.

            Команданың әрбір мүшесі тек күш-қуаты мен ептілігін ғана емес, сонымен қатар нағыз мінезді, жеңіске деген жігерді және өзара қолдауды көрсетті. Барлық қатысушылардың бірлігі мен табандылығының арқасында бұл оқу жылы аталған спорт түрі бойынша колледжіміз үшін ерекше табысты болды.

            Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!

          

Кескіндер галлереясы