2026 жылғы 17 ақпанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Мәдениет өзіңнен басталады» тақырыбында диалог алаңы өткізілді. Іс-шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шайхина Г.Ж. ЖІК мүшелерімен бірлесіп ұйымдастырды.
Кездесу барысында этика, мінез-құлық мәдениеті, жеке жауапкершілік және гигиенаны сақтау мәселелері талқыланды. Білім алушылар талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөлісті және мәдениет ішкі тәрбиеден басталып, әр адамның күнделікті іс-әрекеттерінен көрініс табатыны туралы қорытындыға келді.


