АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 20 Ақпан 2026 04:22

Дөңгелек үстел

            2026 жылғы 19 ақпанда Көкшетау қаласындағы «Қоғамдық келісім» КММ конференц-залында «Этносоциалдық қауіпсіздік: теория және тәжірибе» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға сарапшылар, медиация саласының, құқық қорғау органдарының және қоғамдық институттардың өкілдері қатысты.

            Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің директоры Тураров С.Ж. сөз сөйлеп, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен азаматтық жауапкершілікті арттырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ ол қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуде білім беру жүйесінің айрықша рөлін ерекше атап көрсетті.

            Кездесу барысында қатысушылар этносоциалдық қауіпсіздікті нығайту, қоғамдық келісімді сақтау және әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу мәселелері бойынша пікір алмасып, бірқатар ұсыныстар енгізді. Сарапшылар мұндай диалог алаңдарының қоғамдағы өзара түсіністік пен бірлікті нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.