АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 21 Ақпан 2026 04:18

«Биохим» атты зияткерлік ойын

            2026 жылғы 19 ақпанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде 1-курс білім алушыларына химия пәнінің оқытушысы Жадрина Н.К. және биология пәнінің оқытушысы Смирнова Н.С. «Биохим» атты зияткерлік ойын өткізді.

            Іс-шараның мақсаты – биология мен химия пәндерін оқуға деген қызығушылықты арттыру, дарынды әрі ынталы білім алушыларды анықтау, сондай-ақ ғылыми ойлау дағдылары мен талдау қабілеттерін дамыту.

            Ойын барысында білім алушылар бір-бірімен белсенді қарым-қатынас жасап, топтарда жұмыс істеп, қойылған тапсырмалардың шешімін бірлесіп іздеді және биология мен химия пәндері бойынша жоғары білім деңгейін көрсетті. Қатысушылар бастамашылдық, логикалық ойлау және теориялық білімді практикада қолдана білу қабілеттерін танытты.

            Іс-шара достық әрі шығармашылық атмосферада өтіп, білім алушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға және командалық рухын нығайтуға ықпал етті.