АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 20 Ақпан 2026 04:13

Кураторлық сағат

            2026 жылғы 20 ақпанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Сталкингтің алдын алу, жеке шекараларды құрметтеу» тақырыбында бірыңғай кураторлық сағат өткізілді. Іс-шара «Адал азамат. Адал еңбек» республикалық бағдарламасы аясында, сондай-ақ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

            Кураторлық сағат барысында білім алушылармен сыйластыққа негізделген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, қудалауға және жеке шекараны бұзуға жол бермеу, сондай-ақ тұлғааралық қатынастарда этикалық нормаларды сақтаудың маңыздылығы мәселелері талқыланды. Білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қауіпсіз өзара әрекеттесу дағдыларын қалыптастыруға және айналадағы адамдардың жеке кеңістігіне жауапкершілікпен қарауға ерекше назар аударылды.

          

Кескіндер галлереясы