АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 20 Ақпан 2026 04:10

Құқықтық сағат

            2026 жылғы 19 ақпанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Тең қолжетімділік, білім сапасы және конституциялық нормаларды іске асырудағы оқытушының рөлі» тақырыбында құқықтық сағат өткізілді.

            Іс-шара барысында азаматтардың білім алуға конституциялық құқығының негізгі ережелері, сапалы білім беру үдерісіне тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктерді жүзеге асырудағы оқытушының кәсіби жауапкершілігі қарастырылды.

            Педагог қызметкерлердің білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы, азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеудегі және академиялық адалдық қағидаттарын сақтаудағы рөліне ерекше назар аударылды. Қатысушылар әрбір білім алушының әлеуметтік мәртебесіне, жеке ерекшеліктері мен білім беру қажеттіліктеріне қарамастан тұлғалық дамуына бағытталған инклюзивті білім беру ортасын қалыптастырудың заманауи тәсілдерін талқылады.

            Осындай іс-шараларды өткізу педагогикалық ұжымның құқықтық сауаттылығын арттыруға және білім берудің теңдік, әділдік және қолжетімділік қағидаттарына негізделген құндылық бағдарларын нығайтуға ықпал етеді.