АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 19 Ақпан 2026 11:27

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорғауы

            2026 жылғы 17-18 сәуірде Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Идеядан ғылымға» ғылым апталығы аясында Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасында білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорғауы өтті.

            Білім алушылар педагогикалық, филологиялық және жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша жобаларын ұсынды. Тақырыптар өзектілігімен және практикалық маңыздылығымен ерекшеленді. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, ақпаратты талдау қабілетін және идеяларын сенімді қорғау шеберлігін көрсетті.

            Мұндай шаралар зерттеу дағдыларын, ғылыми ойлау қабілетін дамытып, болашақ мамандарды кәсіби сынақтарға дайындауға көмектеседі.