АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 17 Ақпан 2026 12:49

Ғылым апталығының салтанатты ашылуы

2026 жылғы 16 ақпанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасында «Идеядан – ғылымға» атты ғылым апталығының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараны ұйымдастырып, жүргізген – Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушылары.
Іс-шара колледждің №1 оқу ғимаратының 1 қабатында шығармашылық, шабыт және белсенді өзара әрекеттестік атмосферасында ұйымдастырылды. Ашылу рәсіміне оқытушылар мен білім алушылар қатысып, кафедра оқытушылары дайындаған танымдық және зияткерлік ойындарға ерекше қызығушылықпен қатысты.
Ұйымдастырушы оқытушылардың бастамашылдығы, кәсібилігі және креативті көзқарасының арқасында ғылым апталығының ашылуы жарқын әрі мазмұнды өтіп, алдағы ғылыми, зерттеу және шығармашылық іс-шараларға сәтті бастау болды.